Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жанған қамысты сөндіру жалғасуда.
Ашық жану байқалмайды, жеке ошақтар бықсып жатыр.
Орман шаруашылығының ақпараты бойынша алдын ала жану алаңы 25 га құрады.
Жануды сөндіруге ТЖ департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару тікұшағы да тартылды. Сөндіру жұмыстары басталған сәттен бастап өрт ошақтарына көлемі 60 тонна 20 су ағызу жүзеге асырылды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі