СҚО Ақжар ауданының аумағындағы табиғи өртті сөндіру туралы ақпарат

СҚО Ақжар ауданының аумағындағы табиғи өртті сөндіру туралы ақпарат

2023 жылғы 13 шілдеде сағат 13.30-да 101 пультіне Тұғыржап селосынан 7 км жерде, 40 га алаңда құрғақ шөп жанып, өрт Орлиногорск орман шаруашылығының аумағын шарпып, 2,7 алаңда орман алқаптарының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Орман алқаптары мен елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіру үшін Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті бөлімшелерінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдары жеке құрамынан 92 адам және 13 бірлік техника дереу жұмылдырылды.  Аумақтарды жырту, қарама-қарсы өрт қою тәсілін  пайдалану, барлық қолда бар құралдармен сөндіру арқылы өртті тоқтату бойынша жұмыс жүргізілді.

Сағат 15.50-де орман шаруашылығы аумағындағы өрт сөндірілді. Ашық аумақта  құрғақ шөптің жануы жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің ауданы 450 гектарды құрайды. Ауа температурасының жоғары (+35 градус), желдің (10-15 м/сек.) болуы, тау-тасты жер  өртті сөндіруді қиындауда.

Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын күтілуде.

Жағдай облыс басшылығы мен Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің тұрақты бақылауында тұр.

 

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

қоғаммен байланыс тобы