Ақмола облысында өрт қауіптілігінің бесінші өте жоғары дәрежесі аясында құрғақ шөп өртенді.
Өрт Біржан сал атындағы ауданының Қайнар ауылынан 15 км жерде орын алды.
Секундына 7 метрге дейін соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Жағдайға кешенді бағалау жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар өрт алдын ала ауданының 1 100 гектарды құрайтынын анықтады.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан орманды-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.
Ақмола облысы ТЖД
баспасөз қызметі