Атырау облысында өрт шыққан пәтерден әйел адам құтқарылды

Атырау облысында өрт шыққан пәтерден әйел адам құтқарылды

Бүгін, 2023 жылғы 13 шілде күні сағат 13:32-де Атырау қаласының Махамбет Өтемісұлы көшесінде орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші  қабаттағы пәтерлердің біріндегі асхана бөлмесінде тұрмыстық заттар жанып жатқанын анықтады.

Өрт сөндірушілер  автосатының көмегімен бесінші қабаттың балконынан  1952 жылы туған пәтер иесін құтқарды.

Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған пәтер иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Өрт салдарынан жалпы ауданы 62 шаршы метрді құрайтын пәтердің 9 шаршы метр асхана бөлмесіндегі тұрмыстық заттар жанған.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде  санаулы минуттарда өрт сөндіріліп, өрттің басқа бөлмелер мен пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Атырау облысы ТЖ Қоғаммен байланыс тобы