Атырау облысында қамыс өсімдіктерінің өрті оқшауланды

Атырау облысында қамыс өсімдіктерінің өрті  оқшауланды

Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттері мен уақытылы қабылданған шараларының нәтижесінде бүгін, 2023 жылғы 12 шілде күні сағат 16:30-да Атырау облысында орын алған қамыс өсімдіктерінің өрті оқшауланды.

«Ақжайық» МТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 850 гектарды құрады. Қазіргі уақытта қалған 2 гектар аумақта қамыс бықсуда.

Қамыс өсімдіктерінің өртін сөндіру үшін Атырау облысы ТЖД-нен және «Ақжайық» МТР-нан барлығы 80 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

 

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі