2023 жылғы 20 шілде күні Семей қаласында Төтенше жағдайлар министрінің Абай облысының халқымен кездесуі өтеді. Шарадан кейін азаматтарды қабылдайды.
Барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институционализациялауға байланысты министрдің халықпен кездесуіне өзі қатыса алмайтын азаматтар сұрақтарын «Е-otinish» жүйесі арқылы қоя алады. Өтініштерді тіркеу кезінде «Халықпен кездесу» тақырыбын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.