2023 жылғы 7 шілдеде сағат 12.50-де Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылынан 3 км қашықтықта Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (Долбина орманшылығы, № 60 квартал) аумағында құрғақ шөптер мен бұталардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің болжамды ауданы 548 га (орман жамылғысы емес). Өрт сағат 19.00-де оқшауланып, сағат 19-34-те толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығының, Павлодар облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Павлодар облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі