2023 жылғы 6 шілдеде сағат 21.00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Балқаш ауданында Қараой ауылынан 30 км жерде, «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағындағы (жетуі қиын, батпақты, жолсыз жер) жекелеген аралдарда орын алған қамыс өрті туралы хабарлама келіп түсті. 2023 жылғы 7 шілдеде сағат 00.30-да оқиға орнына келгеннен кейін екі кордон аумағында қамыстың жануы орын алғаны анықталды:
1) сағат 03.30-да «Вагон» кордонындағы өрт оқшауланды (ауданы анықталуда);
2) Наурызбай кордонындағы өрттің аумағы 20 га.
Өртті сөндіруге «Іле-Балқаш» МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД 16 адам, 8 бірлік техника, 2 мотопомпа, 1 жүзу құралы және 1 ұшақсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі