2023 жылғы 6 шілдеде сағат 13:19-де Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мемлекеттік орман қоры аумағында ауданы 0,09 гектар құрғақ шөп жанды.
Өрт сағат 15:04-те Қарағанды облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштерімен жедел түрде сөндірілді.
Өрттің таралуына жол берілген жоқ.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі