Қарағанды облысында ормандағы өрт жедел сөндірілді

Қарағанды облысында ормандағы өрт жедел сөндірілді

2023 жылғы 6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау  кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды.

Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен «Қазәуеорманкүзеті» күштерімен сөндірілді.

Өрттің алдын - ала себебі-найзағай разряды.

Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі