Шығыс Қазақстанда табиғи өртті сөндіру жалғасуда, тікұшақтар 120 рет су төкті

Шығыс Қазақстанда табиғи өртті сөндіру жалғасуда, тікұшақтар 120 рет су төкті

Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде өртеніп жатқан құрғақ шөп пен бұталарды сөндіру жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өртті сөндіруді қалың, тұтаса өскен шөп, тау, жартастар, жартасты жерлер қиындатуда. Бұл жағдайда тікұшақтар сөндіруге таптырмас көмек көрсетеді.
Қазавиаорманқорғау МИ - 2 тікұшағымен өрт болған жерге аэровизуалды ұшып, тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта ашық жану байқалмайды, жекелеген жерлерде түтін нүктелері бар.
"Қазавиақұтқару" МИ-8, Қорғаныс министрлігінің МИ-17 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 тікұшақтары су төгетін құрылғылардың көмегімен аспаннан сөндіруде, барлығы 120 рет су төгілді. Өртті сөндіруге
орманшылардан, өрт сөндірушілерден және жергілікті атқарушы органдардан 250-ден астам адам, 35 бірлік техника, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның, ШҚО авиабөлімшесі, Қазавиаорманқорғаудың 5 тікұшағы жұмылдырылды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі