Шығыс Қазақстанда жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіруде

Шығыс Қазақстанда жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіруде

2023 жылдың 3 шілдесінде Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, қол жетпейтін жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртенді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өрттің жердің таулы, жартасты, жетуі қиын орында болуы сөндіруді қиындатуда.
МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен орманшылар мен өрт сөндірушілер жасақтары жану орнына жеткізілді.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, ол 13 рет су төкті.

Өрттің алдын ала ауданы шамамен 6 гектарды құрайды.

Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-қа жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған.

 


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі