Бүгін сағат 10.30-да Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында таулы жерде орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілді. Өрт таудың басында орын алған болатын. Өрт сағат 8.38-де оқшауланды. Өрттің ауданы 48 гектарды құрады.
Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖД, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан, орман шаруашылығынан 105 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі