
2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17.30-де Жамбыл облысы Т. Рысқұлов атындағы ауданының Шолақ Кайынды ауылынан 12 км таулы жерде құрғақ шөп жанды, өрт таудың басында орын алды, ауданы анықталуда.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамнан 45 адам мен 6 бірлік арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 бірлік техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары өрт орнына сағат 00.35-те жетті (өрт болған жерге дейінгі арақашықтық 65 км және таудың баурайымен 2 км).
4 шілдеде сағат 7.15-те жетуі қиын жердегі өртті сөндіру үшін жеке құрамды жеткізу үшін Қазавиақұтқарудың ЕО-19 АҚ тікұшағы оқиға орнына шықты. Бортта ТЖД бастығының орынбасары Е. Ақылбеков және департаменттің бейінді қызметтерінің қызметкерлері бар.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі