
2023 жылдың 1 шілдесінде Біржан сал ауданы, Бұланды орманшылығы аумағында екі ауданның бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді, сондай-ақ бұл оқу-жаттығуларға азаматтық қорғау қызметтерінің, ерікті өрт құралымдарының, орман шаруашылығының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығуға жеке құрамның 84 адамы және 14 техника жұмылдырылды. Аталған орман қорының ауданы – 12 129 га, орман жамылғысы – 9 509 га. оқу-жаттығу барысында тартылған күш құрылымдарының практикалық дағдылары пысықталды. Дайындалған учаскелерде шартты өрт ошақтары құрылып, онда күштер мен құралдар өртті жою бойынша үйлесімді іс-қимылдарды, шартты жоғары өртті өртеу жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады. Өрт ошағына суды үздіксіз жеткізу үшін автоцистерналардың су толтырылу пысықталды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін екі гарнизон басшылығы оқу-жаттығуды қорытындылап, одан әрі кәсіби деңгейін арттыруды жалғастыру жөнінде ұсыныстар берді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі