
2023 жылғы 26 маусымда сағат 17.29-да Ұлан ауданындағы «Асубұлақ орман шаруашылығы» КММ (Приморск орманшылығы) аумағында шамамен 5 га аумаөта құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Шығыс Қазақстан облысы авиация бөлімшесінің МИ-8 тікұшағы өртті сөндіру үшін десант пен су жеткізді.
27 маусымда таңертеңнен бері ашық жанып жатқан жерлер жоқ. Өрт шыққан жерде орманшылардан, ШҚО ТЖД-дан және жергілікті атқарушы органдардан 126 адам жекелеген түтін нүктелерін сөндіруде, 18 бірлік техника жұмылдырылған.
Өртті сөндіру жетуі қиын таулы, жартасты жерлермен қиындатылған. Елді мекендерге қауіп жоқ.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі