2023 жылғы 29 маусымда сағат 11.30-да Павлодар қаласының Достық үйінде (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1) Төтенше жағдайлар министрінің Павлодар облысының халқымен кездесуі өтеді. Шарадан кейін азаматтарды қабылдайды.
Барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институционализациялауға байланысты министрдің халықпен кездесуіне өзі қатыса алмайтын азаматтар сұрақтарын «Е-otinish» жүйесі арқылы қоя алады. Өтініштерді тіркеу кезінде «Халықпен кездесу» тақырыбын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.
Ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 718 2 53 69 82 телефонына хабарласыңыздар.