
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өкімі бойынша ТЖМ күштері мен құралдары топтамалары, оның ішінде әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тұрақты жұмыс орындарына кетті.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын жүргізіп, өртті сөндіру туралы шешім қабылдайтын болады. Сонымен бірге, қарауылдау жұмысын жүргізуге Абай облысы ТЖД күштер мен құралдары көмек көрсететін болады.
ТЖМ, ЭТРМ, ҚО, жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары 14 маусымда сағат 21.00-де Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы өртті оқшаулады.
Облыстық әкімдік, сондай-ақ өз еріктерімен волонтерлер өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз етті.
Жедел штаб