
2023 жылғы 19 маусымда сағат 6.40-та «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік табиғи паркінің аумағындағы Сарыкөл көлі ауданындағы қамыстың өртенуі жойылды. Өрттің жалпы ауданы 150 га құрады.
Өрт сөндірушілер желдің күшеюіне байланысты қиын жағдайларда, сондай-ақ сулы-батпақты жерлерде өртпен күресті. Өрт техникасының өтудің қиындығына байланысты сөндіру әуеден жүзеге асырылды. Өрттің дала алқабына таралуына жол бермеу үшін жердегі күштер мен құралдармен қарауылдау жүргізілді.
Өртті жоюға мемлекеттік ұлттық саябақ қызметкерлері, Ақмола облысы ТЖД және Астана қаласы ТЖД 23 бірлік техника мен 78 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 2 тікұшағы жұмылдырылды. Жануды жоюдың барлық кезеңінде көлемі 600-ден астам тонна болатын 202 рет су ағызу жүзеге асырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда Сарыкөл көлі ауданында «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік табиғи паркінің аумағында қамыс өртеніп кеткен болатын. Жергілікті жерде Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев пен ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жедел штаб құрылған.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі