Қызылорда облысында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

Қызылорда облысында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

«Қызылорда» қонақ үйінде өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу бойынша шартты өрт 3-қабатта орналасқан №306 бөлмеде орын алды. Өрт қабаттарға тез таралып, қою түтіннің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Нысанның әкімшілігі шартты өрт туралы «101» телефонына хабар берді.

Өткізілген оқу-жаттығудың негізгі мақсаты: өрт сөндіру бөлімшелерінің күш пен құралдарының нысанның күзет қызметі қызметкерлерімен бірге өрт сөндіру кезінде іс жүзінде жедел әрекет етуін пысықтау, адамдарды эвакуациялау және құтқару. 

Өрт-тактикалық жаттығу барысында жоғары қабаттардан зардап шеккендерді құтқару бойынша газ-түтін қорғау буындарының жедел іс-әрекеттері жүргізілді. 

Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінен 53 қызметкер және 8 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалы, Жедел-құтқару жасағы, Жергілікті полиция, жедел медициналық көмек, қалалық электр торабы, газ қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Мұндай оқу-жаттығулар адамдардың бағалау дайындығын және қажет болған жағдайда өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін көрсету үшін өткізіледі, -деп Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Исанов қорытындылады. 

 

 

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі