ТЖ бірінші вице-министр Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

ТЖ бірінші вице-министр Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

2023 жылғы 31 мамырда Тараз қаласында ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті.

И. Күлшімбаев жиналғандарды ведомствоның қызметі, жұмыс нәтижелері және азаматтық қорғау органдарының даму перспективалары туралы хабардар етті.

Есепті кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, облыс тұрғындары мен қонақтары, қоғамдық және еріктілер ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер, өндірістік бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

И. Күлшімбаев Жамбыл облысының белсенді дамуына байланысты халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғау мәселесі ерекше назар аударуды талап ететінін атап өтті.

Төрт ай ішінде Жамбыл облысында төтенше жағдайларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарына мыңнан астам шығу жүзеге асырылды, бір мыңға жуық адам мен бала құтқарылды және эвакуацияланды.

Есепті кездесу өткізілгеннен кейін бірінші вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, БАҚ үшін брифинг өткізді.

Сонымен қатар, И. Күлшімбаев 2021 жылғы 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімде өрт сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан «Халық қаһарманы» батыры Мейіржан Аймановтың отбасына барып, туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау қызметкерлерінің мемориалына гүл шоқтарын қойып, № 20 қалалық өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатына қатысып, облыс гарнизонының жеке құрамымен кездесті.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі