Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пшембаевтың Сыр өңірі тұрғындарымен онлайн-кездесуі өтті

Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пшембаевтың Сыр өңірі тұрғындарымен онлайн-кездесуі өтті

Бүгін Қызылорда қаласындағы  А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пшембаевтың Сыр өңірі тұрғындарымен онлайн-кездесуі өтті.

Онлайн-кездесу барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пшембаев азаматтық қорғау саласы барысындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды.

«Есепті мерзімде «112» және «101» желілеріне келіп түскен қоңыраулар саны  36 141  құрады. «Казгидромет» Қызылорда облысының филиалынан келген 95 дабылды ескерту жөніндегі хабарлама  облыстық басқару органдары мен қызметтеріне, ведомстволық бағынышты бөлімшелеріне, мекемелерге уақытылы жеткізілді. Ұялы байланыс операторлары  арқылы тұрғындарға  хабарламалар таратылды.

Қызылорда облысының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 187 төтенше жағдай  тіркелді. Осының салдарынан 28 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапты.

Ағымдағы жылғы 5 айда өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 255 объекті тексерілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау және қадағалау бойынша 223 обекті объекті, жоспардан тыс 32 объекті тексерілді. Тексерулер барысында 2310 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.

Жыл басынан бері ТЖ жөніндегі комиссияның 26 отырысы өткізілді. Оның ішінде жоспар бойынша – 14, жоспардан тыс - 12, онда су тасқыны, дала өрттері, шомылу кезеңі, Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу, өртке қарсы сумен жабдықтау, құлақтандыру мәселелері қаралды.

Есеп беру кезеңінде авариялық-құтқару қызметтері келесі жұмыстарды жүзеге асырды:

- Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің мамандары 4 адамды құтқарды, 18 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 630 рет шақырту орнына барды, оның ішінде 197 рет өртке, 12 рет авариялық-құтқару жұмыстарына, 503 рет жану жағдайларына.

Жедел құтқару жасағы 94 адамды құтқарды, ТЖ орнынан 9 адамның мәйітін шығарды, 261 рет оқиға орындарына шықты.

«Апаттар медицинасы орталығы» ММ мамандары 106 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті, 98 адамды құтқарды, 93 рет оқиға орнына шықты.

ТЖ департаментімен жергілікті атқару органдары бірлесе отырып,  1103 оқу-жаттығу өткізілді».

Онлайн-кездесу барысында тұрғындар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылды. Атап айтақанда: өрт қауіпсіздігін сақтау, сол жағалауда өрт депосын салу қажеттілігі жөнінде, су айдындарындағы қауіпсіздік, азаматтық қорғау органдарына қызметке тұру тәртібі туралы сұрақтар беріліп, оларға вице-министр нақты жауап берді.

Сонымен бірге ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пшембаевтың онлайн байланысы арқылы жеке қабылдауы да өткізіліп, тұрғынның сұрағына да жауап берілді.

 

Қызылорда облысы ТЖД