ОКҚ-де ҚР Президенті жанындағы «ТЖМ қызметі және өрт қауіпті кезеңінде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

ОКҚ-де ҚР Президенті жанындағы «ТЖМ қызметі және өрт қауіпті кезеңінде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ТЖМ қызметі және өрт қауіпті кезеңінде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып ҚР ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков сөз сөйледі.

Марат Күлдіков жыл басынан бастап ел бойынша 4 мыңға жуық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді. Қабылданған шаралардың арқасында ТЖ-да қаза тапқандар саны 8,8% - ға азайды.

ТЖМ бөлімшелері 22 мыңнан астам шығулар жасады, 5 мыңнан астам адам құтқарылды, 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 1,5 мыңға жуық азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Табиғи және техногендік сипаттағы аса ірі төтенше жағдайларды жою көршілес өңірлерден топтарды тартуды талап етті, бұл күрделі жағдайларда залал мен шығынды барынша азайтуға мүмкіндік берді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жоспарлы негізде жалғасуда. Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған тапсырмалар уақтылы орындалады.

Содан кейін вице-министр бүгінгі күннің өзекті мәселесі – өрт қауіпті кезеңге тоқталды.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 146 орман өрті тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 23 951 мың гектарды құрайды.

Сонымен қатар, 709 дала жануы тіркелді, жану алаңы 3 064 гектарды құрады.

Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, өрттің шамамен 40%-ы табиғи құбылыстардан, ал 50%-дан астамы адам қызметінің нәтижесі болып табылды.

Сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев айтып берді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ТЖМ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бөлігінде салааралық үйлестіруді, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады», - деп ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов қосты.

Министрлік әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу шараларының кешенін қабылдауда

Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп арнайы Ведомствоаралық жоспар бекітілді, ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Жоспарда облыстық штабтар құру, қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу, күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарлары, байланыс сызбасы, халықты хабардар ету және хабардар ету сызбаларын түзету көзделеді.

Ормандар мен далалардың өрт ошақтарын уақтылы анықтау үшін тұрақты авиациялық патрульдеу басталды.

Табиғи өрттердің себептерінің талдауы көрсеткендей, өрттің тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан, ал 50% - дан астамы адам қызметінің нәтижесінен болған.

Мемлекеттік өрт бақылау, Орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің қатарынан еліміздің орманды-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін ТЖМ мобильді топтар (2 699 адамнан тұратын 600) құрылды.

Табиғи өрттерді сөндіру кезінде өзара іс-қимылды пысықтау бойынша табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерімен, ерікті өртке қарсы құралымдармен 134 бірлескен оқу-жаттығу өткізілді.

Елді мекендерде 14 936 км., минералданған жолақтар құрылды, 3 514 елді мекенде құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстарды тазарту жүргізілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін ТЖМ барлық елді мекендерге тексеру жүргізіп, облыс әкімдіктерін аудандық және ауылдық әкімдерінің өртке қарсы іс-шаралардың орындалуы туралы хабардар етеді (29 мамырдағы жағдай бойынша 2 623 ескерту берілді).

Әрине, елдің орманды дала аймағындағы өрт қаупіне табиғи климаттық жағдайлар мен халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы үлкен әсер етеді, бірақ біз өрттердің алдын алу, таралуын шектеу және оларды сөндіру бойынша уақтылы шаралар қабылдау жөнінде бірлесіп шаралар қабылдауымыз керек.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес береді:

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға жол бермеулеріңіз;

- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеуді;

- табиғатта болғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті, өртеп жіберуі мүмкін;

- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;

- табиғи өрттер туындаған жағдайда өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша дереу хабарлауды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі