
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 22 мамырында Ресей Федерациясының іргелес аумағынан ауыл шаруашылығында орын алған өрттің өтуі салдарынан 70 гектар аумақта «Семей орманы» табиғи резерватының орман жамылғы аумағы өртенді.
Аудан әкімінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
26 мамырда сағат 13:00-дегі жағдай бойынша өрттің шетін қарауылдау және қалған жекелеген жану учаскелеріне су төгу жүргізіледі.
Өрт орнында, Абай облысының ТЖД және ТЖ министрлігінде жедел штабтар өз жұмыстарын жалғастыруда.
Табиғи өртті сөндіру басталғаннан бастап үш учаскеде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының, сондай - ақ Астана қаласының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде.
Өртті сөндіруге 900-ден астам адам және 200 бірлік техника тартылды.
Ауа-райының қолайсыздығынан өтті сөндіру қиындады: қатты жел және тығыз өсетін дақылдардың болуы, сондай-ақ тұзды және батпақты жерлер.
Төрт тәулік бойы отпен тынымсыз күрескен орман шаруашылығы қызметкерлерінің, азаматтық қорғау органдары мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттері мен ерлігінің арқасында елді мекендерді өрттен қорғап, қысқа мерзімде өртті оқшаулауға қол жеткізілді.
Өрт сөндірушілер өрт кезінде шамамен 12 млн текше метр суды пайдаланылды. Бұл ретте Астана, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Абай облысының гарнизонының ерлігі мен қажырлы еңбегі атап өтіледі.
Өрттің алдын ала ауданы 3500 гектарды құрайды.
Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауда.
Жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлер өртті жоюға қатысушылар үшін тәулік бойы тамақтандыруды және ауыз суды жеткізуді қамтамасыз етеді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі