
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, дөңгелек үстелдер, нұсқаулықтар және рейдтік іс-шаралар өткізді.
2023 жылғы 17 мамырында орман шаруашылығы аймағында Талғар аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және Алматы қорығы және полиция қызметкерлерінің қатысуымен орман алқабындағы өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді .
Өртті сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес Талғар ауданының Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары мен инженерлері Талғар ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп орман алқабындағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар мен алгоритмдерді пысықтады. Оқу-жаттығуды өткізу үшін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 1 бірлік техника және 10 жұмысшысы, Алматы қорығының 1 бірлік техника мен 10 жұмысшылары тартылды. Сонымен қатар Талғар ауданының ТЖБ 2 бірлік техникасы және 12 қызметкерлері тартылды. Бұл іс-шаралар орман өрттерін сөндіруде өзара әрекеттесуінде ең тиімді әрекеттерді жасауға көмектеседі.
Алматы облысы ТЖД ескертеді: Табиғатты, ормандарды және тауларды қорғаңыз. Барлық өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз. Өрт болған жағдайда 101 және 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі