2023 жылғы 5 мамыр күні таңғы сағат 07:23-те өрт сөндіру есептері Медеу ауданындағы Жібек жолы даңғылы, 37-үй, бес қабатты үйдегі өрт туралы хабарлама бойынша жіберілді. Оқиға орнына 5 минуттан соң келген кезде 5-қабатта орналасқан ас бөлмесі мен балконның отқа оранғаны анықталды. Өрттің тұрғын үйдің шатырына таралу қаупі туындады.
Соның салдарынан пәтерде жоғары температура орын алып, бүкіл пәтер бөлмелері улы түтінге толған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны есікті ашып, пәтерге кірді. Барлау барысында 1955 жылы туылған ер адам ес-түссіз күйде табылды. Өрт сөндірушілер ер адамға арнайы түтіннен қорғайтын құтқару қалпақшасын кигізіп, таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адамның денсаулығы бір қалыпты.
Қабылданған шаралардың арқасында өрттің үйдің шатырына таралуына жол берілмеді.
Өрт сағат 07:45-те (келген сәттен бастап 17 минутта) оқшауланып, 07:49-да (келген сәттен бастап 21 минутта ) сөндірілді.
Алматы қаласы ТЖД көпқабатты үйлердің тұрғындарынан тамақ дайындау кезінде газ құрылғысын қараусыз қалмауға, ақауы бар электр құралдарын пайдаланбауға кеңес береді.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі