Алматы қаласының өрт сөндірушісі Мемлекет басшысының қолынан мемлекеттік награда алды

Алматы қаласының өрт сөндірушісі Мемлекет басшысының қолынан мемлекеттік награда алды

Екі жасар баланы құтқаруда көрсеткен  батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін  Қазақстан Республикасының Президенті Қасы-Жомарт Тоқаев  Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші - құтқарушысы Дәуренқұлов Әділ Еркінұлына  «Ерлігі үшін» медалін табыс етті.

Мемлекеттік награда 5 мамырда  Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында табысталды.

24 қарашада 10.31-де өрт сөндіру бөлімшелері  Бостандық ауданы, Кекілбайұлы көшесі, 129/3 үй мекенжайына пәтердің отқа оранғаны туралы хабарламаға шұғыл жіберілді. 6 минутта келгеннен сәтте, төрт қабатты үйдің  3 қабатында орналасқан балконның жанып жатқанын анықтады. Лаулап тұрған өрт пәтердің бөлмесіне таралып үлгерген.

Жоғарғы төртінші қабатын жеткен  улы  қара түтін тұрғындарды эвакуациялау жолдарын бөгеп тастады. Қызыл жалын жоғарғы қабаттағы пәтерге таралу қаупін тудырды.  Көршілердің ақпараты бойынша кейбір  пәтерлерде адамдар, мүмкін кішкентай бала қалып қалғаны туралы  ақпарат келіп түсті. Барлау жүргізу барысында 1-МӨС өрт сөндіруші-құтқарушысы Әділ Дәуренқұлов қолда бар тыныс алу органдарын қорғаудың құралдарын пайдалана отырып, газ-түтіннен қорғау қызметінің құрамында бола отырып, қара түтінге толы төртінші қабаттағы пәтерден екі жасар қызды шығарып алды. Жедел жәрдем  бригадасы  қарап тексергеннен кейін бүлдіршін  ата-анасына аман-есен табысталды. 20-ға жуық адам пәтерден  шығып кетті. Абырой болғанда, өрт 16 минут ішінде, сағат 10.53-те жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің  жоғарғы қабаттағы пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Атап өткен жөн, өткен жылғы 24 қарашада белгілі қазақстандық спортшы, ММА боксшысы Ардақ Назаров өзінің «инстаграм» парақшасында Бостандық ауданының өрт сөндірушілеріне  постын арнап олардың   жедел іс-қимылдары туралы айтып берді: https://www.instagram.com/p/ClVjWodD3hJ/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Нағыз батырлар осы жігіттер! Қауіп-қатер қас пен көздің арасы екен достар!

Спорт залға кіріп бір сағаттай жаттығып шыққанымызша қасымыздағы пәтер өртеніп, біздің өрт сөндіруші батырларымыз толық отты сөндіріп, екі жасар мүгедек баланы және бір жанұяны тұтас құтқарып қалды.

Өрт шыққан пәтердегі азамматтар улы газға тұншыққан немесе қалың ұйқыда жатқан. Егер өрт сөндіруші батырларымыз келмесе, бүгін екі жанұя қайғыға батар ме еді? Екі жасар мүгедек баланы өрттен аман алып шыққан жігіт Алматы қаласы Бостандық ауданының өрт сөндіруші маманы Әділ Еркінұлы деген батырымыз.Бастарын бәйгеге тіккен батыр жігіттердің еңбегі бағаланса екен. Өйткені жақында Асқар есімді азаматымыз да осылай құтқару жұмысынан кейін бақилық болды емес пе? Бұл азаматтар бір-бір жанұяның тірегі, асыраушылары, біз оларды қолдауымыз керек, еңбегін ескеруіміз қажет, - деп спортшы әлеуметтік желілерде бөлісті.

 

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі