Семей қаласының өрт сөндірушілері монша кешеніндегі өртті сөндірді

Семей қаласының өрт сөндірушілері монша кешеніндегі өртті сөндірді

2023 жылғы 4 мамыр күні 17:40-та «101» пультіне Найманбаев көшесінде монша кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда барлау жұмыстарына кірісті. Барлау жүргізу барысында ақпарат расталды. Екі қабатты моншаның төбесі мен қабырғалардың ағаш конструкциялары жанып, жақын маныңдағы бір қабатты монша мен гаражға таралған. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында көршілес жеке тұрғын үй өрттен аман қалды. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді.

Өрттің алдын ала ауданы 90 шаршы метрді құрады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін монша кешенінің қызметкерлері 2 газ баллонды шығарды.

Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге  40 өрт сөндіруші және 10 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай облысы ТЖД адамдар көп баратын орындарда өрт қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады!

Сақ болыңыздар!  Төтенше жағдай орын алған  кезде "101" немесе "112"нөмірлеріне хабарласыңыздар!

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі