ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Алматы қаласына  жұмыс сапарымен барды

2023 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Нұрболат Дербісов Қазақстандық халықаралық «Күзет, қауіпсіздік, құтқару құралдары және өрттен қорғау» атты SECUREX KAZAKHSTAN 2023 көрмесі қауіпсіздік көрмесінің ашылуына қатысты

Көрмеде техникалық құрылғылар, авариялық-құтқару және өрт сөндіру техникалары, арнайы қорғаныш киім және тыныс алу жолдарын қорғау жабдықтары, бейнебақылау және кіруді бақылау жүйесі, ID-технологиясы және басқа да өмір қауіпсіздігі саласындағы жаңа өнімдерді көрсететін 40-тан астам экспозиция ұсынылды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы осындай көрмелердің мемлекет пен  азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын  атап өтті.      Оның пікірінше, бұл көрме қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы жаңа технологияларды, жабдықтарды және инновациялық шешімдерді шығару мен енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді.

«Коммерциялық объектілердегі қауіпсіздік жүйелерін жобалау, дамыту және практикалық тәжірибе» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысында Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов және ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Данияр Жүсіпов сөз сөйледі.

Одан әрі жұмыс сапары барысында ол Бостандық ауданы Нұр-Алатау шағын ауданында салынып жатқан өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Депо бес шағын ауданның («Қазақфильм», «Алатау», «Нұр-Алатау», «Ерменсай», «Көкшоқы» - жалпы саны 32 мыңнан астам адам, 94 кәсіпорын) тұрғындарын өрттен қорғаумен қамтамасыз етіп, өрт орнына келу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін болады.

Алматы қаласы ТЖД дағдарыс жағдайлардағы басқару залының жұмысы көрсетілді. Оның базасында бірқатар цифрлық жобалар, соның ішінде қаланың 1100 камерасынан бейнені шығаруға қабілетті және өрттерді анықтауға және қызметтерге жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін видеомониторинг жүйесі  көрсетілді.

Сапар қорытындысы бойынша төраға гарнизонды материалдық-техникалық жарақтандыруын деңгейіннің жұмысы бойынша ТЖД жұмысын оң бағалады, сондай ақ мегаполисте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қауіпті кезеңде таулы аймақтарда  алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі