
Игорь Юрьевич Вальтер өртке қарсы қызметте 13 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Оны сөзсіз өз ісінің маманы деп атауға болады.
«Әкем мен ағам Қамысты ауылында өрт сөндіруші болған. Мен өрт сөндіру бөлімінде туып-өстім деп айтуға болады. Бала кезімнен бастап әкемнің өрт сөндіру бөлімінің орналасқан жеріне келіп, оның қалай жұмыс істейтінін бақылайтынмын. Сондықтан болашақ мамандығымды бала күнімнен-ақ анықтап қойғанмын, сондағы мақсат әулет бағытын жалғастыру», - деп мойындайды ол.
Университетті бітіріп, әскерде қызмет еткеннен кейін, 2010 жылы Игорь әкесі Вальтер Юрий Владимирович қызмет етіп, кейін лайықты зейнеткерлікке шыққан Қамысты ауылының өрт сөндіру бөліміне қызметке кірді.
2015 жылы Игорь Вальтер Қамысты ауданының өрт инспекциясының аға инженері лауазымына тағайындалды. Үш жылдан кейін, 2018 жылдың қаңтарында ол төтенше жағдайлар департаментіне мемлекеттік өрт бақылау басқармасына бас маман лауазымына ауыстырылды, онда ол өрт қауіпсіздігін тексерумен айналысты. 2022 жылдың шілдесінен бастап штатында үш қызметкері бар анықтау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Оған сеніп тапсырылған бөлімшенің негізгі міндеті-өрттің себебін қабырғадағы жану іздеріне, заттардың күю дәрежесіне, металл бөлшектерге мен құрылымдардағы масштабтауға қарап анықтау және кінәлілерді табу. Қиын жолмен анықталатын анализ арқылы анықтау бөлімінің маманы өрт ұзақтығы мен температурасы, жану орны, жану ошағы жайлы шешім қабылдайды.
Айналаңыздағы әріптестеріңіз күнделікті ерлік жасағанда, мұндай батыл мамандыққа мойынсұнбау қиын. Игорь Вальтердің қызметінде көптеген батыл әрекеттер бар, жұмыс істеген жылдары оған бірнеше рет қауіп төніп, адамдарды құтқаруға тура келді. Осындай эпизодтың бірі 2012 жылдың 10 ақпанында болды. Игорьдің әйелі перзентханада болған кезде, отағасы өз өмірін қатерге тігіп, газ баллонын өрттен шығарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
«Өртке қарсы қызметте жұмыс істеу жауапкершілікті талап етеді және аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат байланыста болуды міндеттейді, өйткені өрттің кестесі жоқ. Өрттің қай жерде және қай уақытта басталатынын ешқашан болжай алмаймыз, сондықтан әрқашан дайын болуыңыз керек, кейде жақындарыңызбен өткізген уақытыңызды құрбан етуге тура келеді. Менің отбасым осындай сәттерде түсіністікпен қарайды, өйткені олар адам өмірін құтқарудың маңыздылығын түсінеді», - деп анықтау бөлімінің бастығы Игорь Вальтер атап өтті.
Қызмет еткен жылдары Игорь Юрьевич Вальтер өрт сөндірушіден бөлім бастығына дейін лауазымдарда қызмет атқарды.
Бұл, әрине, өз кәсібіне жауапкершіліктің және адал көзқарастың нәтижесі.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі