Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алматы облысының халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің  Алматы облысының халқымен кездесуі

2023 жылғы 11-12 мамырдағы Төтенше жағдайлар министрі Алматы  облысына жұмыс сапарымен барады.

Қонаев қаласының тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.

Барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институционализациялауға байланысты Сізге өтініш, сұрау салу, ұсыныстар, жауап беру, шағым және сұрақ беру үшін «Е-otinish»  ресми коммуникациялар арнасына өту қажет.

Өтініштерді тіркеу кезінде тақырыпта «2023 жылғы 27 сәуірдегі халықпен кездесу» хатын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.