Жыл басынан бері елімізде 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылып, эвакуацияланды

Жыл басынан бері елімізде 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылып, эвакуацияланды

ТЖ министрі Юрий Ильиннің кездесуінде белгілі болғандай, 2023 жылдың бірінші тоқсанында елімізде екі мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді, оның 7% - ға жуығы елордаға тиесілі.

«Азаматтарымыздың көмек туралы әрбір сигналына министрліктің бөлімшелері дереу ден қояды. Бірінші тоқсанда бір жарым миллионнан астам қоңырау түсті.

Министрліктің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге республика бойынша 13 мыңнан астам рет шықты, 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылды және эвакуацияланды, зардап шеккендерге бір мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді»,-деп министр жұма күні түстен кейін елорда тұрғындарымен кездесуде айтты.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі