Өрт қауіпті кезіңінде сақ болыңыздар

Өрт қауіпті кезіңінде сақ болыңыздар

2023 жылғы 26 сәуір күні сағат 13:57-де Бұқар жырау даңғылы, 58 А мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 5-қабаттағы балкон жанып, өрт тұрғын үйдің шатырына жайылған. Жедел қабылданған шаралармен өрт 15:20-да оқшауланып, 15:35-те жойылды. Өрт сөндірушілер оттын пәтерлерге таралуына жол бермеді. ТЖД күштерімен құтқару қалпақтарының көмегімен 17 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылды, баспалдақпен 40 адам (оның 13-і балалар) эвакуацияланды. Өрттің жалпы ауданы 600 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 68 адам мен 18 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына ашық от көзі (темекі, оттық) себеп болуы мүмкін.

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

- балкондар мен терезелерден сөндірілмеген темекі мен сіріңке лақтырмаңыз және қалдырмаңыз;

- ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден аз қашықтықта от жағуға болмайды;

- қоқысты бақылаусыз жағуға болмайды;

  - электр сымдары мен құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын қадағалау қажет;

- қуат көзін шамадан тыс жүктемеңіздер;

- тек қана жарамды электр және газ жабдықтарын пайдаланыңыздар;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз және балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер!

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі