Шымкенттік өрт сөндірушілер автокөліктегі газ қондырғысының жарылуына жол бермеді

Шымкенттік өрт сөндірушілер автокөліктегі газ қондырғысының жарылуына жол бермеді

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің  «101» қызметіне  2023 жылғы  23 сәуірде  сағат 10.50-де 194 орам, Қарабура көшесі бойындағы үйдің жанындағы жеңіл автокөлікте өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту бойынша тез арада екі өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан  12 адам жіберілді. Оқиға орнына келгенде Волга «Газ-3110»  маркалы автокөлігінің мотор бөлігі және салонында алдыңғы панелі жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 11.03-те оқшауланып, сағат 11.10-да толығымен сөндірілді.

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына және көлікте орнатылған газ қондырғысының жарылуына жол бермеді.  Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

 

 

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы