Бүгін 2023 жылғы 21 сәуірде сағат 22.13-де Орал қаласының шетінде (Перевалочная тоғай ауданы), «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ аумағында құрғақ шөптің және орман екпелерінің өрті сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, құрғақ шөптер мен орман екпелерінің өртенуі 20 сәуір күні күндіз орын алды, жалпы ауданы 70 га құрады.
Жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің және «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ бірлескен жедел іс-қимылдарының арқасында өрт осы алаңда сағат 20.36-да уақтылы оқшауланды.
Өртті сөндіруге жалпы ТЖД, «Резерв» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, әкімдіктің ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы, «Жайықтазақала» ЖШС 158 адам және 34 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.
«Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен бекітілген, 43-тармағында орман мекемесінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың аумағында орман өрттерін сөндіруге жалпы басшылық ету орман мекемесінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледі).
Батыс Қазақстан облысы ТЖД азаматтар мен кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі