Жетісу облысында кең профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Жетісу облысында кең профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

2023 жылғы өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің пайда болу және оларды жою қауіп-қатерлерін азайту жөніндегі іс-шаралардың кезеңдік жоспарына сәйкес Жетісу облысының аумағында кең профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, 2023 жылғы 15 сәуірде Жетісу облысы ТЖ департаменті ЖПҚ-мен бірге ат патрульдері мен еріктілер ұйымдарының құрамында орман алқаптары мен бау-бақша қоғамдарына іргелес жатқан елді мекендерде өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау (аумақты құрғақ өсімдіктерден тазарту, қоқыстарды жағу) бойынша үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастырды 199 адамнан тұратын 67 мобильді топ жұмылдырылды.

Сондай-ақ, халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік заңнаманың талаптары түсіндірілді.

Осы бағыттағы жұмыс бүгінгі күні басым болып табылады және облыстың ТЖД тұрақты бақылауында.

 

Жетісу облысы ТЖД