
Газ аспаптары біздің тұрмысымыздың ажырамас бөлігі. Бірақ, оны дұрыс қолданбау өртке және жарылысқа әкеп соғып адамдардың қаза болуына себепші болады. Бұл туралы барлығымыз білеміз, бірақ бірқатар үй иелері ережелерді сақтамай өздерінің іс әрекеттеріне есеп бермейді.
Адамдар қаржы табуды көздеп, бір мезетте үйден, мүліктерден, оған жақын адамдардан, қоршаған ортадан айырылып қалатындығын елемейді.
Қазіргі таңда газ баллондарды заңсыз саудалаумен айналысатын адамдарды кездестіруге болады. Айта кететін жағдай, бұл мәселе аудандардың барлық елді мекендерінде кездеседі. Бұл кезде көп газ баллондар аулада, ашық алаңда, сарайда, гаражда сақталуда. Күн нұрының баллонға түсуі, отпен абайсыз болу, сөндірілмеген темекі тұқылы және басқалар жарылысқа себеп болуы мүмкін, яғни баллондағы сұйытылған газ ауамен қосылып жарылысқа қауіпті қоспаны түзейді. Жылытуға пайдаланылатын және тұрмастағы газ, ауалының қажетті деңгейімен араласып жарылыс қоспасын түзейді. Егер газ құбардың ақауынан немесе тұрғындардың салғырттығынан бөлмге енген жағдайда ол жарылуға бейім. Бұл үшін жану көзінің – сіріңе немесе электр жарығының ұшқының болуы жеткілікті.
Қазіргі таңда департамент қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша оқыту және өртті алдын алу жұмысы жүргізілуде, бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті полиция, «КазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерін және волонтерларын қатыстыра отырып өрт қауіпсіздігі сенбілігін және әртүрлі өрт қауіпсіздігі акциясын өткізу арқылы жүргізілуде.
Өртті алдын алу және жол бермеу жұмысын жүргізу өрт қауіпсіздігіне деген көзқарастар деңгейін артыруға және тұрғын үй қорларының өртке қарсы қорғанысын күшейуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Тұрмыстық газдан келетін жарылыстарға жол бермеу мақсатында мынадай газ аспаптарын қолдану және күтім жасау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін білу қажет:
- газ баллондарды көп қабатты (2 қабаттан жоғары) тұрғын үйлерде қолдануға тыйым салынады;
- газ аспаптарын өздігінен жөндеу жұмыстарын жүргізбеу қажет;
- газ құбарларының ақауын өздеріңіз жөндемеңіздер. Құралмен ұшқынды шығарып алуларыңыз мүмкін;
- баллонды ауыстыру кезінде, жаңа және қолданылған баллондардың крандары жабық екендігіне көздеріңізді жеткізіңіздер. Ауыстырудан кейін оның герметивті жалғанғандығын (сабынды көбіктің көмегімен) тексеріңіздер;
- электр қондырғыларының, жанып жатқан пештің, ашық оттың жанында газ балланды ауыстырмаңыздар;
- пәтерлерде және тұрғын үйлерде 12 литрден аспайтын газ баллонды ғана қолданыңыздар;
- баллондарды сақтайтын қоймалар бір қабатты тез лақтырылатын жабыны бар және шатыры жоқ ғимараттарда сақталуы тиіс;
- баллондар сақталатын бөлмедегі терезелер ақ бояумен боялуы немесе күннен қорғайтын қондырғылармен жабдықталуы тиіс;
- газ баллондар күн нүрынан және жауын шашыннан қорғалуы тиіс;
- газ сақталған қоймада басқа қондырғылар мен материалдардың сақталуына жол берілмейді;
- газ сақталған қойма табиғи желдетумен қамтамасыз етілуі тиіс;
- башмактары бар газ баллондар, тігінен құлауға жол бермейтін арнайы ұяшықтарда, клеткаларда немесе басқа да қондырғыларда сақталуы қажет. Башмактары жоқ баллондар тігінен рамаларда немесе сталлаждарда сақталады.
- газдың шығуынына жол бермеу үшін тамақ әзірлеу кезінде, қайнап жатқан сұйықтықтарды отқа төгілуіне жол бермеу қажет. Жанғыштарды үнемі тазартып отыру қажет;
- жұмыс соңында газ баллонды сөндіруді ұмытпау қажет;
- үйден кетер кезде газ плитаны сөндіру және баллон кранын жабуды ұмытпаңыздыр;
- газ иісін анықтаған жағдайда баллон кранын жауып газ беруді тоқтату қажет, тез арада есік терезені ашып бөлмені желдету, ашық отты пайдаланбау, электр аспаптарын сөндіріп тастау қажет және телефон шнурын розеткадан ажырату және газ қызметі мамандарын «104» телефоны арқылы шақыру қажет;
- қажет болған жағдайда бөлмеден шығу және көршілерге бұл жөнінде хабарлау қажет.
Өртке қарсы ережелерді меңгеру - бұл тұрмыста және өндірісте өрттің орын алу мүмкіндігін азайту кепілі.
Жамбыл облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы