Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің жедел әрекеті

Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің жедел әрекеті

Жамбыл облысының аумағында күніне түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар орын алуда. Туындаған оқиғалар кезінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері шұғыл әрекет етеді.  Көмек сұраған қоңыраулар Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының "101" және "112" телефон желілеріне толассыз келіп түседі. Өткен демалыс күндері  өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 17 шақыртуға шықты. Олардың ішінде: өрттерге – 3 рет, жану оқиғасына – 4 рет, есіктерді ашуға – 5 рет, жол-көлік оқиғасына – 1 рет, жануарларды құтқаруға – 3 рет, автокөліктегі электр сымының қысқа тұйықталуына – 1 рет шыққан.

2023 жылғы 16 сәуірде сағат 03.55-те Тараз қаласы, Төле би көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатырында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде қаланың өртке қарсы қызметі гарнизонының күштері мен құралдары жөнелтілді. Келіп жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ  арқылы 100 адамды, оның ішінде 60 баланы жедел эвакуациялады. Осылайша, құтқарушы өрт сөндірушілер өртті 05.12-де оқшаулап, 05:42-де толығымен жойды. Жалпы өртті сөндіруге  54 адам жеке құрам және 13 бірлік техника жұмылдырылды. Аталған өрт оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелмеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны анықталуда.

Құрметті облыс және қала тұрғындары! Үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауды, электр және газ құрылғыларын қуат көздерінен ажыратуды естен шығармай, әрдайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске саламыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» және «112» нөмірлеріне шұғыл хабарлау қажет. "DARMEN"мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

 

Жамбыл облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары

қызметінің Қоғаммен байланыс тобы