
2023 жылғы 17 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы» баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев қатысты.
Нұрболат Дербісов атап өткендей, ТЖМ орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізеді, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар, рейдтік іс-шаралар, халық, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жыл сайын елімізде мыңға жуық орман және дала өрттері мен өрттер тіркеледі. Министрлік, әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, алдын алу шараларының кешенін қабылдауда және арнайы ведомствоаралық жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес жағдай күрделенген жағдайда ірі өрттер аймағына барлығы 39 мыңға жуық адам (ТЖМ, ІІМ, ЭГТРМ, ҚМ, ИИДМ, әкімдіктер), 8 мыңнан астам техника, су ағызу құрылғылары бар 10 тікұшақ (Қорғаныс Министрлігінің 6 әуе кемесін қоса алғанда) және 46 өрт сөндіру поездары тартылады. Сондай-ақ қосымша қызметтер отпен күресуге арналған құрал жабдықтар қорымен, яғни 6 мың бірлік аспалы өрт сөндіргіштер, 1 318 мотопомпа және 32 мыңнан астам қарапайым құрал-саймандармен қамтамасыз етілген.
Ормандар мен далалардың өрт ошақтарын уақтылы анықтау үшін тұрақты авиациялық патрульдеу басталды.
Ғарыштық мониторингті қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлерде «Қазақстан Ғарыш Сапары»АҚ-мен шарттар жасалды.
Табиғи өрттердің шығу себептерін талдау көрсеткендей, өрттердің тек 43%-ы табиғи құбылыстарынан, найзағай разрядтарынан болса, 50%-дан астамы адам әрекетінің салдары болып табылады.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 34 орман өрті тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 7 мың гектардан асты. Сонымен қатар, 235 дала жануы тіркелді, өрттің ауданы 1 088 гектарды құрады.
Елді мекендер аумағындағы құрғақ шөптің өрттері ерекше алаңдаушылық туғызады.
Еліміздің, ТЖМ орманды дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін мемлекеттік өрт бақылау, Орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды.
Табиғи өрттерді сөндіру кезінде өзара іс-қимылды пысықтау бойынша табиғат қорғау және орман мекемелерімен, ерікті өртке қарсы құралымдармен 19 бірлескен оқу-жаттығу өткізілді.
Елді мекендерде 1 122 км., минералданған жолақтар құрылды, 776 елді мекенде құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазарту жүргізілді.
2023 жылдың мамыр айының соңына дейін ТЖМ барлық елді мекендерге тексеру жүргізеді, облыс әкімдіктерін аудан және ауыл әкімдерінің өртке қарсы іс-шараларды орындағаны туралы хабардар етеді.
ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады: жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер; орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер; шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін; жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер; табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.
ҚР ТЖМ баспасөз қызмет