«ТЖМ-мен қауіпсіздік апталығы» жалпы республикалық акциясы аясында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «BeSafe Kazakhstan» бағдарламасымен әріптес мектептердің бірі Көкшетау қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларымен «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек», «Балалардың терезеден құлап кетуі» тақырыптарында дәрістер өткізді. Сонымен қатар, дәріс барысында әртүрлі ТЖ-да қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы профилактикалық бейнематериалдар көрсетілді.
Іс-шаралардың мақсаты – балалардың тыныс-тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын игеру болып табылады.
Бұдан өзге, дәріс барысында балаларға «Жас құтқарушы» үйірмелері және осы үйірме қызметінің негізгі міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Сабақ соңында барлығына брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі