Бүгін, 2023 жылғы 8 сәуірде саяжай тұрғындарының арасында өрт қауіпсіздігінің профилактикасы шеңберінде департамент қызметкерлері Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, сондай-ақ Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп 1-ші және 2-ші саяжай аумағында рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд өткізілген орынды таңдау қала маңындағы аудандарда өрттердің көп болуына байланысты осы аумақтарда жүргізілді.
Рейдтік іс-шара барысында дауыс зорайтқыш құрылғылары көмегімен көшелер бойынша профилактикалық ақпарат жеткізілді.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін (қоқысты жағу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Өрт немесе жану оқиғалары орын алған жағдайда өрт сөндіру бөліміне «101» және «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі