Сәуір айының басында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызмет бастығы орынбасары азаматтық қорғау майоры Жақсылық Бекбергеновтың басшылығымен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында бөлімше бастықтарымен, сондай-ақ өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшілерінің қатысуымен газ-түтіннен қорғау қызметінің тәжірибелік сабағы өтті.
Жалпы, сабақ газ-түтіннен қорғау қызметін жетілдіру, жеке құрамды газ-түтіннен қорғаушылардың жедел-қызметтік міндеттерін табысты орындауын қамтамасыз ететін білікті және тиімді іс-қимылдарға үйрету мақсатында өткізілуде.
Сабақ барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің барлық кәсіби біліктіліктері мен дайындықтарын осы жолы тағы бір дәлелдеді.
Газ -түтіннен қорғау қызметі - өртке қарсы қызметінің ең басты көрсеткіштерінің бірі екенін атап өткен жөн. Өйткені, бұл газ-түтіннен қорғау қызметі (ГТҚҚ) өрт сөндірушілер үшін күнделікті ажырамас және маңызды қызмет болып табылады және өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мен төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге арналған.
Жамбыл облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы