Алматы облысы Қарасай ауданы Жармұханбет ауылындағы өрт жойылды

Алматы облысы Қарасай ауданы Жармұханбет ауылындағы өрт жойылды

2023 жылғы 9 сәуірде сағат 07.20-да Қаскелең қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қарасай ауданының Жармұханбет ауылында Мақатаев көшесі бойындағы қойма үй-жайында (бір қабатты, г-тәрізді ғимарат, жалпы ауданы 1600 ш. м., қабырғалардың бір жағы кірпіш және бір жағы металл, шатыры темір тор бойымен металл) 700 шаршы метр алаңда автомобиль шиналары жанғаны, өрт одан әрі 64 шаршы метр алаңдағы әкімшілік ғимаратқа таралғаны (бір қабатты ғимарат, жалпы ауданы 64 ш. м. қабырғалар сплитер блогы, шатыры ағаш тор бойымен металл) туралы хабарлама түсті. Шығу кестесіне сәйкес оқиға орнына шақырудың жоғары ранг бойынша дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. 

Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан он шақырым қашықтықта, өрт гидранты бес шақырым қашықтықта орналасқан.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09.08-де оқшауланып, сағат 13.45-те 764 шаршы метр алаңда толықтай сөндірілді. Өрттің шығуын кеш біліп, өртке қарсы қызметке кеш хабарлануы, сондай-ақ екпіні секундына 4-6 метр солтүстіктен соққан жел өрттің осындай алаңға таралуына себеп болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жалпы ауданы 1400 шаршы метр автомобиль шиналары бар қойма үй-жайы құтқарылды.

Өрттің жеке тұрғын үйлерге көшу қаупі жоқ.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына анықтау бөлімі және өрт сынақ зертханасының қызметкерлері барды. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы болып табылады. Осы факт бойынша Қарасай ауданының ТЖБ «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса» ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өртті жоюға Алматы облысы ТЖД-нің 45 қызметкері мен 11 бірлік техникасы, Алматы қаласы ТЖД-нің 12 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, "EFES" МӨҚҚ-ның 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, «Пожтехэксперт» МӨҚҚ-ның 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД азаматтарға және меншік нысандарына қарамастан, объектілердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі