Оқушылар өрт сөндіру бөліміне барды

Оқушылар өрт сөндіру бөліміне барды

60 астам  бала  Өскемен қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне келіп, кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметімен танысты. Балаларға өрт сөндірушілердің тәулік бойы кезекшілік ету жағдайлары көрсетілді, өрт техникасының, жауынгерлік киімнің мүмкіндіктері туралы айтып, бес қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде адамдарды құтқаратын «өмір кубын» көрсетті. ТЖ қызметкерлері балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін тағы да еске салды: сіріңкемен ойнауға, мамық пен шөпті өртеуге болмайтындығына назар аударды.

Сонымен қатар, оқушыларға «101» және «112» құтқару нөмірлері туралы еске салынды, сондай-ақ бұл телефондармен ойнауға болмайтынын ескертті. Өйткені өрт сөндірушілер мұндай жалған қоңырауға бара жатқанда, сол кезде біреуге көмек қажет болуы мүмкін. Қауіпсіздік сабағы қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болуы үшін өрт сөндірушілер өртті сөндіру ережелерін әр түрлі материалдармен - өрт сөндіргішпен, құммен, тығыз матамен және су сөндіру әдістерін көрсетті. Өрт сөндіру техникасы балаларды қатты қуантты: олар үлкен қызыл машиналарға қуана-қуана мініп, өрт сөндірушілердің жабдықтарын сынап көрді және естелік ретінде суретке түсті. Ильдана Имангулова № 17 мектеп оқушысы: «Маған бәрі қатты ұнады. Мен көп нәрсені білдім. Біз бәріміз қызықты ақпаратты естіп қана қоймай, өрт сөндіру техникасы мен нағыз кәсіби өрт сөндірушілерді өз көзімізбен көргіміз келді»,-деп өз ойымен бөлісті.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі