
6 сәуірде сағат 20.57-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Кенесары көшесі, 74 мекенжайында екінші қабаттың терезесінен түтін көрінетіні туралы келіп түскен хабарламаға шықты.
Өрт сөндірушілер төрт минутта келгеннен кейін бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны анықталды, онда үй заттары мен жиһаздар өртенді. Пәтерде 1967 жылы туған ер адам бар екені анықталды. №17 өрт сөндіру бөлімінің елордалық өрт сөндірушілерінің жедел және үйлесімді әрекеттерімен ер адам құтқарылып, одан әрі тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына берілді. Сағат 21.09-да өрт сөндірушілердің күшімен өрт толығымен жойылды.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 13 адамы және ТЖД техникасының 3 бірлігі жұмылдырылды.
Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі