Өрт қауіпті кезең туралы ескерту - енді мобильді қосымшада

Өрт қауіпті кезең туралы ескерту - енді мобильді қосымшада

Өрт қауіпті кезең басталғанға дейін СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендер аумағында құрғақ өсімдіктерді, қоқыстарды және тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеу туралы ескертіп, тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, алғашқы жылы күндер адамдардың табиғатқа, жазғы саяжайларға баруымен белгіленеді және де онда  көбінесе от жағусыз болмайды, бұл-өрт және жану қаупі, олар үлкен аумақтарды қамтуы мүмкін.

Ағымдағы жылы профилактикалық жұмыста алғаш рет «DARMEN» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері пайдаланылды. Бір жылдан астам уақыт бойы оны смартфондарға орнатқандар ауа-райы, жолдардың жабылуы, дауыл туралы ескертулер туралы жедел ақпарат алады. Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап Петропавл қаласының ТЖ басқармасы СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасымен бірлесіп осындай қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы хабарлама әзірледі. Қазір СҚО-ның мыңдаған тұрғындарына Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 410 және 336-баптары бойынша ӨБ ережелерін бұзушыларға әкімшілік жауапкершілікке тарту қаупі бар екені  туралы ескертілді.

 

          СҚО ТЖ департаментінің

          Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы