Өрт сөндіруші - батырлардың қызды құтқаруы

Өрт сөндіруші - батырлардың қызды құтқаруы

Өрт сөндіруші галерея үйінен кішкентай қара шашты қызды алып шығады, жерге асықпай жатқызып, балаға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, баланың өз-өзіне келуіне көмектеседі және Апаттар медицинасы орталығының жедел жәрдем бригадасына тапсырады. Содан кейін бала облыстық балалар ауруханасына түседі, ал 24 наурызда анасы мен Айжұлдыз есімді құтқарылған қыз, құтқарушы-батырларға қонаққа келіп, оларға алғысын айтты.

Оқиғаның қалай болғанын еске түсірейік. Ақтаудағы 11-шағын ауданының 19- көпқабатты үйінде, 2023 жылғы 9 наурызға сағат 11-де жетінші қабаттағы пәтерлердің бірі кенеттен отқа оранды.

«Терезеден түтін шықты, – деп еске алады №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Балтабек Теміров. - Ол, әдетте, баспалдақтар ауданы арқылы өте тез көтеріледі, желдету арқылы пәтерлерге кіреді. Бұл өте қауіпті жағдай. Шақыру орнына жақындаған кезде біз пәтерде балалар бар екендігі туралы хабарлама алдық...»

Жанып жатқан пәтерге жақындаған Балтабек Теміров пен аға өрт сөндіруші-құтқарушы, азаматтық қорғау сержанты Ералы Акимбаев кіреберіс есіктің жабық тұрғанын, ал терезеден кіруге болатынын көріп, өрт сөндірушілер пәтерге терезе арқылы кірді. Пәтер түтінге оранды, балаларды тезірек табу керек. Тіпті бірнеше секундты кешіктіріп, жоғалтпау керек. Кібереріс есіктің алдында қозғалыссыз жатқан бала табылды. Балтабек оны қолына алып, баланы терезе арқылы бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Бекболат Нұрсұлтанов пен аға өрт сөндіруші-құтқарушы, азаматтық қорғау сержантына Қуаныш Халидоллаевқа тапсырды. Баланы қолына алып, Қуаныш тездетіп баспалдақпен төмен түсіп, төменде жауынгерлік киімін жерге жайып, қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз демін алды, Қуаныш оны Апаттар медицинасы орталығының жедел жәрдем бригадасына тапсырды.Ал Балтабек түтінді пәтерден екінші баланы іздеді, сонымен бірге Бекболат Нұрсұлтанов кіреберіс есікті арнайы құралының көмегімен ашып, өрт сөндірушілерге үйдегі екінші баланың жоқ екенін хабарлады. Құтқарушылар өртті сөндірді.

«Әрине, мен абдырап қалдым, – деп сол мазасыз түнді Айжүлдыздың анасы Әлия еске алады. - Өрт сөндірушілерге менің балама тез көмектескені үшін алғыс айтамын».

Айжүлдыз өмір бойы өзінің керемет құтқарылуын есінде сақтайтын шығар. Бақытымызға орай, бұл өртте ешкім зардап шеккен жоқ. Жетінші қабаттағы пәтердегі жатын бөлме ғана өртеніп кетті, онда өрт 15 шаршы метрге тарады.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, көптеген адамдар түтіннің қауіптілігін бағаламайды. Яғни, есеп бірнеше минутқа, секундқа есептелген жағдайда, өрт сөндірушілер  тұрғындарды пәтерлерден шығуға көндіруі керек.

Мұндай сәтте өзін-өзі ұстай білу және адамға қалай көмектесуге болады?

«Біз де қорқамыз, – деп мойындайды Балтабек. – Кейде түтіннің ішінде созылған қолыңыздан басқа ештеңе көрмейсіз. Біз бір секундта әрекет етуге дағдыланғанбыз, сондықтан да өзіміз туралы ойлауға уақыт жоқ. Өрт сөндірушілерді бауырластықтың  рухы біріктіреді. Өрт сөндірушілер - нағыз команда».

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы