Дмитрий Растихиннің өрт сөндіру машиналарының коллекциясы

Дмитрий Растихиннің өрт сөндіру машиналарының коллекциясы

Әр адамның сүйікті ісі болады, ол оның дүниетанымын, көзқарасын, қызығушылығын, соның ішінде кәсіби көзқарасын да көрсетеді. Кейде бір көзқарас немесе хобби туралы әңгіме адамның жеке басы туралы және оның өмір жолын таңдау туралы түсінік береді…

«Менің коллекциям 2016 жылы Санкт-Петербург қаласындағы кәдесый дүкенінен сатып алынған өрт сөндіру машинасының моделінен басталды. Бұл ұлыма алған сыйлығым еді. Осы сыйлыққа тек ол ғана емес, отбасым да қуанды. Әдемі машина барлығына қатты ұнады, оған біртіндеп жаңадан басқа машиналар да қосыла бастады, атап айтқанда автоцистерналар, автосатылар, жедел автомобильдер, арнайы жабдықтары бар машиналар... Өрт сөндіру ісі ғасырлар бойы дамыды, сондықтан өрт сөндіру техникасының түрлері көп»,- дейді Дмитрий Иванович Растихин,  өзінің көптеген коллекцияларының (шамамен 100 бірлік) ең жақсы үлгілерінің бірін ұқыпты ұстап тұрып.

17 жыл қызмет еткен азаматтық қорғау полковнигі не туралы  айтып отырғанын біледі.  Осы кезеңде ол СҚО ТЖ департаментінің инспекторынан мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығына дейінгі лауазымда қызмет атқарды, бірнеше рет өртке шықты, өрт апатының не екенін, адамдарға қандай қайғы әкелетінін жақсы біледі. Әр автомобиль өзінше қымбат, әрқайсысының өз тарихы бар. Кейбіреуін интернетте тапсырыс беріп алсам, қалғандарын достарым сыйлаған. Тіпті өзінің бұл қызығушылығын білетін Германиядағы досы әкеліп берген модель де бар. Бір кішкентай машинаны балабақша тәрбиеленушілері 3-D принтерге басып шығарған, олармен Департамент қызметкерлері ерекше жылы қарым-қатынаста, олар көбінесе мектепке дейінгі мекемелердің балаларымен профилактикалық әңгімелер, викториналар, өртке қарсы ойындар өткізеді. Бірегей санаттағы нәрсесі - меншікті реттік нөмірі, лимиттелген (шектеулі) сериялы өрт сөндіру машинасы бар.

Бірақ коллекцияның мақтанышы Петропавлдық шебер Юрий Родионов жасаған жылжымалы өрт сөндіру су қоймасының (ППВ) дәл көшірмесі деп санауға болады. Бұл әлемдегі жалғыз үлгі ... өйткені бұл бірегей өрт сөндіру автомобилі соңғы уақытқа дейін Қазақстанда жалғыз болды!

«2000 жылдардың басында өрт сөндірушілер КАМАЗ базасындағы вакуумды өрт сөндіру автомобилін қайта жасап, оған сыйымдылығы 10 тонна 2 өрт цистернасын және өнімділігі секундына 40 литр қуатты сорғыны орнатты. Ол кезде мұндай сыйымдылықтағы машиналар болған жоқ. Бұл техниканың құндылығы-өртті сөндіруге (әсіресе ауқымды) көп мөлшерде су беру керек. «Өрт сөндірушілер сусыз келеді» деген бос әңгіме болып табылады. Су бірнеше минут ішінде бітеді, сондықтан жақын маңдағы резервуардан немесе гидранттан су құйып алу керек. Бұл кезде әр минут маңызды. «ППВ – 10» қазір де қызмет көретуде, өрттерге шығады...», - деп Дмитрий Иванович түсіндірді.

Дмитрий Растихиннің өрт сөндіру атрибуттарының басқа зат түрлері бар, бірақ бұл коллекция оның шынайы құмарлығы. Оны жаңа даналармен толықтыру жоспарда бар. Өмір бір орында тұрмайды, кәсіпорындар жыл сайын өрт сөндірушілердің қиын және қауіпті жұмысына көмектесетін жауынгерлік машиналардың жаңа модельдерін әзірлейді. Шеберлер бүкіл әлемдегі коллекционерлердің жиынтығын толықтыруына ықпал етіп, олардың көшірмелерін жасайды. Коллекцияға қызыға қарап отырып, күн сайын біздің қауіпсіздігімізді күзетіп, өрттерді сөндіріп, адамдарды құтқаратындарды есіңізге алыңыздар! 

 

                                       Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі