
3 наурыз күні сағат 20.00-де Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы Дүйсембеков көшесінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті.
22 қабатты үйдің 5-қабатында 3 бөлмелі пәтерде ағаш есік блогы, үй заттары, жиһаз жанды. Жалпы алаңы 9 ш. м. құрайды.
Өрт сағат 20.29-да сөндірілді.
ТЖД күшімен автосаты және баспалдақ маршымен кіреберістен құтқару қалпақшасының көмегімен 7 адам,оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!
- электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын бақылаңыз!
- бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз!
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз және балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!
- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыз!
- психикалық бұзылулардан, алкоголизмнен және нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға ерекше назар аударыңыз!
Оқиғалар мен ТЖ кез келген алғышарттары мен фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі