
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Шухрат Мұртаев түсірген видео соңғы күндері әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.
Өзі түсірген видеода өрт сөндіруші 2023 жылдың 20 қаңтарында «Ақсай» базарында орын алған өртті сөндіру кезіндегі жұмыс сәттерімен бөліскен. Видеода азаматтарды құтқару сәттері мен газ-түтіннен қорғау қызметі буынының уақтылы жүргізген жұмысы бейнеленген.
Экшн-камера өрт сөндірушінің дулығасына бекітілгенін атап өткен жөн. Бейнетаспаға оның бөлімшеден шыққан сәттен бастап барлық кадрлар түсірілген. Экшн-камера өрт сөндірушіге жұмыс барысында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтірмейді.
ТЖМ ардагері өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров те өзінің Facebook парақшасында видеоға қатысты пікір білдірді: «Экшн-камерамен түсірілген жақсы динамикалық видео! Өрт сөндіруші барлығына да үлгерген! Тепловизорды қолдану жөнінде бұйрық беруді ұмытпаған... барлау жүргізген, адамдарды шығарып, іле-шала өзі де шыққан... оқпанмен жану ошағындағы жалын температурасын төмендету жұмысын кәсіби түрде жүргізген.... сонымен қатар оқпан-монитордың барлық мүмкіндіктерін пайдаланған, яғни оқпанды су ағызудан шашуға ауыстырып қолданған! Видеоны оқу құралы ретінде пайдалануға болады! Жалпы, мұндай видеоны әлеуметтік желілерге жүктеуден тартынбау керек, осындай видео өрт сөндірушілердің жұмысын кеңінен суреттеп береді!!!», - деп өз Facebook парақшасында С. Әубәкіров жазды https://www.facebook.com/100057765096727/posts/pfbid02VXx9Q5rwzEG9jymrDK4yscLAX82Z4kw3JpknSAnRhpJ4kit6tW86KUoFjku5BKQql/?d=w&mibextid=qC1gEa .
Өрт сөндірушілердің пайымдауынша жану ошағындағы жалын температурасын төмендету ашық жалынның бетін қайтару дегенді білдіреді.